Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери делегациясы БҰҰ Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде болды

527

Онда олар Бас хатшының жедел қолдау жөніндегі орынбасары Атул Харемен кездесті.   

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери делегациясы БҰҰ Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде болды Фото: gov.kz

Тараптар "Біріккен ұлттар ұйымының Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясына орналастыру үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

"Қазақстан үшін бұл тарихи қадам. Егер бұрын біздің бітімгерлік контингентіміз басқа елдер бөлімшелерінің құрамында қызмет атқарса, енді бұл дербес миссия болмақ. Бітімгерлік миссияларға қатысу – әскери қызметшілердің жауынгерлік дағдыларын арттыруға ықпал ететін оқытудың маңызды құрамдас бөлігі", – деп атап өтті генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.

Бұдан өзге Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің бітімгерлік әлеуетін одан әрі арттыру және нығайту мәселелерін талқылау үшін БҰҰ Хатшылығының құрылымдық бөлімшелерімен жұмыс кездесулері өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу