Қазақстан көркем гимнастикадан халықаралық турнирден медальмен қайтты

748

Айдана Сарыбай көркем гимнастикадан халықаралық турнирде күміс жүлде иеленді.

Қазақстан көркем гимнастикадан халықаралық турнирден медальмен қайтты

22-23 желтоқсан күндері көркем гимнастикадан "Люксембург кубогі" халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған сынға Қазақстан атынан Айдана Сарыбай мен Даяна Әбдірбекова қатысқан болатын. 

Көпсайыс нәтижесі бойынша, Айдана Сарыбай екінші орын иеленді. Ол доп жаттығуымен 1-орыннан көрінсе, таспамен жаттығуда үздік төрттікке енген.

Азиада чемпионы Даяна Әбдірбекова көпсайыста 4-орын алды.

Даяна шығыршықпен және ұршықпен жаттығуда финалға жетіп, екеуінде де төрттіктен көрінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу