Қазақстан коронавирус бойынша қолайсыз елдер тізімін өзгертті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.
Жарияланған тізімге сәйкес, енді 1 "А" санатқа Франция, Иран, Италия, Испания, Германия, Үндістан, Таиланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка және Мысыр кіреді
Ал 1 "Б" санатына 1 "А" тізіміне кірген елдерден басқа Covid-19 жағдайы тіркелген барлық ел кіреді.
Бұған дейін 1 "А" санатына Франция, Иран, Италия, Испания, Германия кірді. Осы елдерден Қазақстанға келгендердің барлығы ауруханаларда екі апталық карантинде оқшауланған.
1 "Б" санаттағы елден келгендер бірқатар шарттарды орындаумен екі апталық үй карантинінде болады. Шарттар орындалмаған жағдайда олар стационарға алынады.
ДДҰ пандемия деп жариялаған Covid-19 коронавирусының таралу қаупіне байланысты Президент 16 наурыздан 15 сәуірге дейін елде жариялаған төтенше жағдай жариялаған болатын. 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинде.
Қазіргі таңда елдегі коронавирус жұқтырғандар саны – 68.