ОКҚ алаңында отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту туралы айта келе "СҚ-Фармация" басшысы Үкімет саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асырып жатқанын атап өтті. Оған сәйкес фармацевтика өндірісінің отандық үлесі 50%-ды құрайды.
"Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілер ДДСҰ жіктеуі бойынша өмірлік маңызды дәрілерге жататын базалық препараттарды шығару ісін жолға қойды. Мысалы, коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін дәрі-дәрмектің 48%-ы – отандық өнімдер", – дейді шын болса Ерхат Есқалиев.
Компания басшысы Бірыңғай дистрибьютордың кері байланыс құралдары туралы да сөз қозғады. "СҚ-Фармация" қызметі туралы халықты ақпараттандырудың барлық қолданыстағы арналары толық көлемде пайдаланып, өзекті және шынайы ақпаратты береді. Атап айтқанда ресми веб-сайт, әлеуметтік желілердегі парақшалар, байланыс орталығы, төрағаның блогы және әлеуметтік желілердегі парақшалар, онда онлайн хабарласып, кері байланыс алуға болады.
Аян Бекенұлы