Қазақстан көрші елдің оң тәжірибесін алуға құлықсыз болып отыр – Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, елде ресурстарды үнемдеп жұмсау мәселесі көңіл көншітпей тұр. 

Қазақстан көрші елдің оң тәжірибесін алуға құлықсыз болып отыр – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Президент суды сегіз пайызға жуық үнемдеуге мүмкіндік берген мысалдар барын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Біз қоғамда ресурстарды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру маңызды екенін талай жылдан бері айтып келеміз. Бірақ азаматтарға үндеу тастау жеткіліксіз. Бұдан бөлек, ресурстарды тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу қажет.

Үлгі етуге болатын жақсы мысалдар бар. Мысалы, дәл осындай ұстаным ай сайын суды сегіз пайызға жуық үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл – аса маңызды. Себебі Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда су тапшылығы күшейіп тұр. Сондықтан, суды үнемдейтін технологияларды пайдалану мәселесі – өте өзекті, – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың су үнемдеуге қатысты әлемдік деңгейдегі озық технологиясы барын және олардың тәжірибесін бөлісуге дайын екенін атап өтті. Өкініштісі сол, оған біздің жақ құлықсыз болып отыр.

"Үкіметке осы шаруамен белсенді айналысып, 1 маусымға қарай жұмыс барысы туралы есеп беруді тапсырамын" деп қатаң ескертті Президент. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу