Қазақстан қоржынында 28 алтын, 28 күміс, 40 қола медаль бар

796

Қазақстан қоржынында 28 алтын, 28 күміс, 40 қола медаль бар

Қазақстан құрамасының спортшылары Ашхабадтағы жабық кешендегі Азия ойындарында 28 алтын, 28 күміс, 40 қола медаль ұтып алды. Біздің спортшылар жалпы командалық есепте төртінші орында келеді, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгін Түрікменстан астанасы Ашхабадта жабық кешендегі Азия ойындары аяқталады. Кеше біздің қыз-жігіттер 14 жүлдеге қол жеткізді. Кикбоксшы Мақсат Үсіп және самбошы Есет Қуанов пен Ділдаш Құрышбаева Азия ойындарының чемпионы атанды. Шахматшылар Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова да командалық рапидте топ жарды. Грек-рим күресінде Данияр Қаленов ойындардың алтын медаліне қол созды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу