Қазақстан криптовалюта майнингінің әлемдік көлемі бойынша үздік он елдің қатарында

630

Әлем бойынша криптоактивтер өндірісімен белсенді айналысатын елдер аталды. 

Қазақстан криптовалюта майнингінің әлемдік көлемі бойынша үздік он елдің қатарында Фото: Naryk.kz

Биылғы 3 айдағы деректер жарияланды, деп жазады inbusiness.kz www.kommersant.ru порталына сілтеме жасап.

3-4 ГВт майнинг қуаты бар АҚШ көш бастап тұр. Екінші орында Ресей (1 ГВт) орналасқан.

"Үздік ондыққа Парсы шығанағы елдері (700 МВт), Канада (400 МВт), Малайзия (300 МВт), Аргентина (135 МВт), Исландия (120 МВт), Парагвай (100-125 МВт), Қазақстан (100 МВт) және Ирландия (90 МВт) кіреді", - делінген хабарламада.

2020 жылы биткоин хешрейтінің 65%-ы ҚХР-ға тиесілі болды. АҚШ пен Ресейде бұл көрсеткіш сәйкесінше 7,2% және 6,9% құрады.

Bitriver сарапшыларының пікірінше, оң динамика өткен жылы Қазақстанда, оған дейін Қытайда электр энергиясының тапшылығына байланысты майнинг қызметінің шектелуімен байланысты. 2022 жылдың соңында Қазақстан Парламенті цифрлық майнерлер қызметін лицензиялауды енгізді, сонымен қатар ұлттық энергия жүйесін реттелмейтін майнингтен қорғау шараларын қарастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу