Қазақстан күмісінің 80 пайызын Ұлыбритания сатып алады

1105

Қазақстан күмісінің 80 пайызын Ұлыбритания сатып алады

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында шетелге 855,1 тонна күміс шығарылды. Сатылған барлық металдың жалпы құны 445,8 млн долларды құрайды, деп хабарлайды LS.

Статистика комитетінің мәліметінше, өткен жылдың (2016 - 992,6 тонна) балама уақытымен салыстырғанда экспорт көлемі нақты заттай алғанда - 13,8 пайызға, ал ақшалай алғанда – 10,9 пайызға қысқарған.

Шетелге жіберілген күмістің ең үлкен партиясы Ұлыбританияға жөнелтілген. Бұл ел Қазақстаннан $364,2 млн-ға 706,1 тонна күміс сатып алған (барлық экспорттың 82,6 пайызы). Өткен жылмен (2016 жылт - 992,5 тонна) салыстырғанда Ұлыбританияға экспорт 29 пайызға төмендеген.  Сонымен қатар $73,7 млн-ға 134,4 тонна күміс - Германияға, ал $7,8 млн-ға 14,6 тонна АҚШ-қа сатылған.

Алтын экспорты да төмендеген. Егер 2016 жылы 9 айда Қазақстан 14,1 млн долларға 0,6 тонна  алтын экспорттаса, 2017 жылдың басынан бері 2,9 мың долларға ғана алтын сатқан. 2016 жылы Қазақстан алтынына Ресейден де сұраныс болса, ал 2017 жылы тек Ұлыбританияға жеткізілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу