Қазақстан құны 1,15 млрд еуро болатын еуробондтарды сатылымға шығарды

884

 25 қыркүйекте өткен прайсингтің нәтижелері бойынша өтінімдер кітабы шамамен 3 млрд еуроға жеткен. Сөйтіп, 110 инвестор сатып алуға құлық танытқан.

Қазақстан құны 1,15 млрд еуро болатын еуробондтарды сатылымға шығарды

Қазақстан жалпы сомасы 1 млрд 150 миллион еуро болатын еурооблигацияның екі траншын сатылымға шығарды. Олардың айналым мерзімі, тиісінше, 7 және 15 жыл, ал купон ставкасы, сәйкесінше, 0,6 мен 1,5 пайыз. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлады.

Құнды қағаздар Лондон биржасында әрі "Астана" халықаралық қаржы орталығында орналастырылды. 25 қыркүйекте өткен прайсингтің нәтижелері бойынша өтінімдер кітабы шамамен 3 млрд еуроға жеткен. Сөйтіп, 110 инвестор сатып алуға құлық танытыпты.

Айта кетсек, соңғы рет еліміз өткен жылдың қараша айында еуробондтар нарығына шықты. Ол кезде жалпы көлемі 1 млрд еуро болатын 2 транш орналастырылды. Еуро түріндегі бондтар алғаш рет орналастырылған, оған дейін Қазақстан сыртқы нарықта тек доллармен жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу