Қазақстан құрама командасы ІІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысу үшін Буэнос-Айреске ұшып кетті деп хабарлайды Olympic.kz.
Еске сала кетейік, кеше жас спортшыларды Олимпиада ойындарына шығарып салу рәсімі өткізілген болатын. Төртжылдық додасында Қазақсан намысын спорттың 22 түрінен 57 атлет қорғайды.
"Біз қазір Аргентинаға ұшып барамыз. 20 сағатымыз әуе кемесінде өтеді. Десе де, жолдық қашықтығына қарамастан біз бәріне дайынбыз. Еліміздің намысын абыроймен қорғауға тырысамыз", - дейді садақ ату спортының өкілі Александра Воропаева.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу