Қазақстан құрамасы "Еуразия Барысы" турнирі алдында салмақ өлшеуден өтті

910

Қазақстан құрамасы "Еуразия Барысы" турнирі алдында салмақ өлшеуден өтті

Қазақ күресінен Қазақстан құрамасы "Еуразия Барысы" турнирі алдында салмақ өлшеуден өтті, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Жалпы турнирге жеті елдің балуандары қатысады. Олар - Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан, Бразилия, Жапония және Қазақстан. Балуандар сегіз салмақ бойынша үздіктерді анықтайды. 

Моңғолиялық Даваням Алтангерел Доданың ең ауыр балуаны атанды. Оның салмағы - 138,6 келі. Өткен жылғы турнирдің ең ауыр балуаны атанған қазақстандық Айбек Нұғымаров болса 135,6 келі болды. 

Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстан құрамасының қарсыласы жеребе тартудың қорытындысы бойынша анықталады. 

Биыл турнирге бірінші рет Бразилия, Жапония және Камерун елінің балуандары қатысады. Қазақстан құрамасы болса екі құраммен өнер көрсетеді. Жеңімпаз он миллион теңге алады. екінші орын алған құрамаға алты миллион, үшінші орынға төрт миллион теңге беріледі. 

Еске салайық, бесінші "Еуразия Барысы" турнирі 16 желтоқсан күні "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді. Бұл бәсекеде қазақстан командасы үш рет топ жарған. Тек 2014 жылы біздің құрама Моңғолияға жеңіліп, екінші орын алған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу