Қазақстан құрамасы 4 қола медальға ие болды

707

Сингапур ұлттық университетінде информатика пәнінен онлайн форматта өткен 33 халықаралық олимпиадада ел құрамасы үздік үштіктен көрінді.  

Қазақстан құрамасы 4 қола медальға ие болды

Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиеваның айтуынша, зияткерлік байқауға әлемнің 88 елінен 351 оқушы қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Халықаралық олимпиадада Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал қалаларының 4 оқушысы бақ сынады. Олар информатика пәні бойынша республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Оқушыларды еліміздің жетекші IT университеттерінің ұстаздары дайындады. Қазақстан құрамасы 2 кезеңде 6 алгоритмдік тапсырманы орындады. Нәтижесінде құрама команданың мүшелері Жамбыл Мақсотов, Мансұр Мұқымбеков, Әлтайыр Ашуров, Мухаммадариф Сахмолдин 4 қола медаль иеленді", – деді министрліктің ресми өкілі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу