Қазақстан құрамасы 7 медальмен оралды

957

Қазақстан құрамасы 7 медальмен оралды

Арыстанбек Мұхамедиұлы XXIII сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚР мәдениет  және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы XXIII сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлерімен кездесті. 

Қазақстан құрамасы 7 медальмен жарысты 25-ші орында аяқтады. Біздің қоржында 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль бар. Бұл біздің құраманың cурдлимпиада ойындары тарихында жеткен ең үздік көрсеткіші.

Аян Әбдраш 58 келіге дейін салмақта таеквондодан алтын медаль жеңіп алса, дзюдошы Шаяхмет Қанапьянов 66 келіге дейін салмақта күміс медаль иеленді. Сурдлимпиада ойындарының қола медалі 68 келіде өнер көрсететін таеквондошы Валентина Антоненкоға бұйырды, грек-рим күресінің шебері  Хайтархан Шонгу 130 келіге дейінгі салмақта мықтылығын байқатып, қола медальді қанжығасына байлады, каратэден 61 келіге дейін салмақта өнер көрсететін Елена Салминаға да қола медаль бұйырды, еркін күрес шебері  Асылжан Тажиев 97 келіге дейін өнер көрстетін спортшылар арасында қола медальді ұтып алды, сонымен қатар, үстел тениисінен командалық жарыста біздің команда үшінші орынды иеленді. Қазақстан намысын 2016 жылғы Әлем xемпионатының күміс жүлдегерлері  Данияр Ескендіров, Қанат Қонқыбаев және Гаип Данияров қорғады.

Естеріңізге салайық, XXIII cурдлимпиада ойындары шілденің 18-30 аралығында Түркияның Самсун қаласында өткен болатын. Төртжылдықтың басты ойынына есту қабілеті нашар үш мыңға жуық спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 9 спорт түрі бойынша 50-ге жуық спортшы барды. Олар еркін және грек-рим күресі, самбо, жеңіл атлетика, жүзу, таеквондо, үстел теннисі және спорттық бағдарлама бойынша сынға түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу