Мексиканың Канкун қаласына 10-20 мамыр аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен муайтай шеберлері жиналды. 77 елден келген 800-ден аса спортшы әлем чемпионаты медаліне таласты, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстан құрамасы атынан аталған жарысқа 13 спортшы қатысып, отандастарымыз 7 медаль иеленді. Күміс жүлдені 51 келіге дейінгі салмақта Еламан Саясатов қоржынына салса, қалған алты спортшыға қола медаль бұйырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу