Грэпплингтен Қазақстан құрамасы Әзербайжанда өткен әлем чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
"Чемпионат 13-21 қазан аралығында Баку қаласында өтті. Нәтижесі өте жақсы. Грэпплингтен ұлттық құраманың алдына қойылған мақсатқа қол жеткіздік. Бүгінде біздің қоржында 17 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль бар",- деді Қазақстанның грэпплинг федерациясының президенті Қанат Алин.
Оның айтуынша спорттың бұл түрі елімізде енді дамып келе жатыр. Соған қарамастан ел құрамасы Азия елдерінің ішінде алдынғы қатарда.
"Мысалы қыркүйек айында Астанада өткен Азия чемпионатын алар болсақ, біз спорттың бұл түрінен аймақтағы көшбасшы екенімізді дәлелдедік. Бакуде өткен әлем чемпионатында спортшыларымыз өздерінің бәсекеге қабылетті екенін көрсетті", - деді федерация президенті.
Бұған қоса Қанат Алин алдағы уақытта ел аймақтарында балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жоспары барын айтты. Сондай-ақ қосымша спорттық зал ашып мен спорттық щаралар өткізу көзделген.