Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың жолдамасынан қағылды

771

Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың жолдамасынан қағылды

Хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында үшінші орын иеленді, деп хабарлайды prosports.kz.

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өткен әлем чемпионатында біздің хоккейшілер бес ойында тоғыз ұпай жинады. Ұлыбритания, Польша және Венгрия құрамаларынан басым түсіп, Италия мен Словенияға есе жіберген Қазақстан ұжымы А тобында үшінші орынға жайғасты.

Топтың көшін Италия құрамасы бастады. Ал екінші сатыға Ұлыбритания құрамасы орналасты. Әлемдік лигаға топтан тек екі құрама ғана жолдама ала алады. Сол себепті үшінші орынды місе тұтқан біздің жігіттер жолдамадан қағылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу