Хоккейден Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы турнирдің А тобында айдын иелері Мажарстанмен кездесті. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Алғашқы минуттардан-ақ қос команда да шабуылға лап қойды.
Айдын иелері де, қонақтар да барынша тезірек гол соғуға тырысты. Соған қарамастан бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Таблодағы 0:0 есебі екінші кезеңде де өзгермеді. Тек 44-минутта Дмитрия Гренцтен пас алған Валерий Орехов алғашқы шайбаны соқты. Артынша Евгений Рымарев есепті ұлғайтса, мұнымен тоқтап қалмай Максим Семеновтің көмегімен екінші рет қақпаны тура көздеп, есепті 0:3-ке жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу