Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына іріктеу жарыстарында үздік үштікке енді

851

Десе де, жүлделі үшінші орынның өзі команданың Азия біріншілігіне қатысуына мүмкіндік берген жоқ. 

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына іріктеу жарыстарында үздік үштікке енді

Регбиден Қазақстан ұлттық құрамасы Сингапурда өткен Азия чемпионатына іріктеу жарыстарында үздік үштікке енді. Бір жылдан аса уақыт бойы ресми жарыстарға қатыспаған ұлттық құрама жаңа бас бапкермен бірге турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды olympic.kz. 

Десе де, жүлделі үшінші орынның өзі команданың Азия біріншілігіне қатысуына мүмкіндік берген жоқ. Осы орайда, регби-7 спорты бойынша команданың бас бапкері Дәулет Әкімбеков турнирдегі құраманың ойынына баға берген болатын. 

"Сингапурдегі сынға жалпы есебі 12 команда қатысты. Азия аймағында регби жақсы қарқын алып келеді, сол себепті, әр қарсыластың қарымды екені сөзсіз. Жалпы алғанда, Азия чемпионатынан тыс қалуымыздың басты себебі – команданың жас ойыншылардан жасақталуы. Өйткені, жаңадан құралған команда ойыншыларының басым бөлігі тәжірибесі аз ойыншылар. Оның үстіне, біз бір-екі жыл шамасында ірі ресми жарыстарға қатысқан жоқпыз. Сол себепті, Сингапурдегі нәтижеміз жақсы орындарлан үміттенуге мүмкіндік береді",- дейді бас бапкер. 

Дәулет Әкімбековтің айтуынша, жарыс қожайындары Сингапурді ұтып кететін мүмкіндік болған.

"Әрине, жарыс Сингапруде өткеннен кейін, төрешілердің бір бүйрегі алаң иелеріне бұрып тұрды да, біздің жігіттерге мүмкіндік берген жоқ. Ал бірінші орын иемденген Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамында негізінен фиджиліктер ойнайды. Ал Фиджи регби-7 бойынша әлем үздіктерінің бірі". 

Бас бапкер құрама сапындағы үздік ойыншылардың есімін атап, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

"Командадағы жігіттердің бәрі жақсы өнерімен көзге түсті. Әсіресе, Бауыржан Шекебай, Жалил Мұратов, Антон Макаренко сынды спортшылардың еңбегін атап өту керек. Ал ұлттық құрама үшін биыл жарыс аяқталды. Келесі жылы Азия чемпионатының финалдық кезеңіне өту үшін барымызды салатын боламыз", - дейді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу