Қазақстандық волейболшылар 24 жылдан кейін Азия чемпионатындағы ең үздік нәтижесін қайталады. Қазақстан құрамасы сенсациялы күміс медальға ие болды, деп хабарлайды sportportal.kz.
Индонезияда волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Турнирдің финалында Жапония мен Қазақстанның құрамалары кездесті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы күміс медальға ие болды. Осылайша Жапония өз титулдарын сақтап қалды.
Турнирдің қола жүлдесін Оңтүстік Корея құрамасы иеленді. Олар соңғы кездесуде Индонезия құрамасынан басым түсті.
Айта кетейік, Азия чемпионатында Қазақстан атынан халықаралық дәрежедегі рефери Айдос Ахметов қазылық жасады.
Қорытынды нәтижеде командалар келесі ретпен орналасты:
1. Жапония
2. Қазақстан
3. Оңтүстік Корея
4. Индонезия
5. Иран
6. Қытай
7. Қытайлық Тайпей
8. Австралия
9. Катар
10. Вьетнам
11. Таиланд
12. Пәкістан
13. Ирак
14. Шри-Ланка
15. Сауд Аравиясы
16. Гонконг