Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанатына аттанды. Салтанатты рәсім Джакарта қаласында өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Көптеген қазақстандық спортшылар бүгін жаттығу жиынын өткізіп, ертең, 19 тамыз күні жарыс жолына шығады. Сол себепті, спортшылардың басым бөлігі ашылу салтанатынан сырт қалды.
Азиадаға қатысушы спортшылар шеруіне баскетболдан қыздар командасы, суда жүзушілер, боксшылар мен таеквондошылар толық құрамда қатысады.
Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын 21 жастағы Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады.
"Дүбірлі додада Қазақ елінің туын көтеріп шығу мен үшін үлкен мәртебе. Себебі, мұндай бақыт екінің біріне бұйыра бермейді. Оның үстінде, бұл мен қатысып отырған алғашқы Азиада. Сондықтан, барша жанкүйерлердің сенімін ақтаймын деп ойлаймын. Жалпы, Азия ойындары спортшыларды бір-біріне жақындата түседі. Бәріміз бір үйдің балаларындай болып кеттік. Ұлттық құраманың кез келген спортшысы маған бауыр сияқты. Ал отандық жанкүйерлерді көрген кезде көңіліміз жыли түседі. Мұндай ірі бәсекеде елімнің намысын қолдан беруге тырысамын", - дейді Әбілхан Аманқұл.