Түрікменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі V Азия ойындарының оныншы күнінде Қазақстан құрамасы 15 медальды олжалады, деп хабарлайды 24.kz.
Алтын медальға самбодан Динара Жұмабаева, жүзуден Роман Трусов пен Әділ Қасқабай ие болды. Ал күміс жүлдегерлер: Темірлан Ихсанғалиев (самбо), Гүлнұр Ерболова (самбо), Александра Аборнева (ауыр атлетика), Жұлдыз Эшимова (күрес), Аяулым Қасымова (күрес) мен Гүлмарал Еркебаева (күрес). Самбодан Исатай Асқанбай, Ғамылжан Абдрахманов, Амандық Асаулы, сондай-ақ жүзуден Қазақстанның ерлер құрамасы мен күрестен Әділет Давлумбаев қола медальды еншіледі.
Қазір Қазақстан құрамасы 79 медальмен (23-24-32) жалпыкомандалық есепте бесінші орында тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу