Қазақстан құрамасы H тобында қазірге дейін 12 ұпай жинап, төртінші орында тұрған еді. Ал екінші орындағы Данияда 13 ұпай бар болатын.
Алғашқы минуттан даниялық футболшылар жылдам гол соғуға ұмтылды. Дегенмен ойынның 36-минутына дейін қақпа құлпы ашылған жоқ. Даниялық Йонас Винд сол уақытта өз құрамасын алға шығарды. Одан кейін Роберт Сков 45, 48-минутта есепті үстемелей түсті.
Ойынның 58-минутында қазақстандық Роман Вороговский есепті қысқартты.
Осылайша, ұлттық құрама Данияға 1:3 есебімен есе жіберді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу