Қазақстан құрамасы "Дэвис Кубогының" плей-офф кезеңіне дайындықты бастады

360

Қазақстандықтар 16-17 қыркүйекте Болгариямен плей-офф матчын өткізеді.

Қазақстан құрамасы "Дэвис Кубогының" плей-офф кезеңіне дайындықты бастады Фото: ktf.kz

Қазақстан ұлттық құрамасы теннистен Дэвис кубогінің плей-офф кезеңіне дайындықты бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, қазақстандықтар 16-17 қыркүйекте Софияда Ұлттық теннис орталығының топырақ төсенішінде Болгариямен плей-офф матчын өткізеді.

Команда капитаны Юрий Щукиннің бастауымен Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов қазір жаттығу үстінде.

Бұл қос құрама арасындағы алғашқы кездесу болмақ. Осыған дейін Болгария командасы Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне ешқашан шығып көрмеген.

16 қыркүйек күні жекелей сында екі бәсеке өтеді. 17 қыркүйекте бір жұптық, тағы екі жекелей кездесу ойналады. Матч жеңімпазы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне жолдама алу үшін сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу