Футзалдан Қазақстан құрамасы Словенияда өткен 2018 жылғы Еуропа біріншілігінде ең нәтижелі екінші құрама атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Какау тәлімгерлері турнирде жалпы 14 гол соқты. Ал ең көп гол соққан Португалия құрамасы болды. Олар 14 гол соққан. Үшінші орынға 13 гол соққан Испания құрамасы жайғасты.
Қазақстан құрамасы өз қақпасына гол жіберу көрсеткіші бойынша бесінші орынға жайғасты. Біз тоғыз гол жібердік. Португалия мен Франция құрамасы да тоғыз гол жіберген. Ал ең көп гол жіберген құрама Испания мен Әзірбайжан құрамалары. Олар 12 гол соқтырған.
Испания құрамасы қарсылас қақпасына ең көп соққы жасапты. 253 соққы. Екінші орында Ресей (212), үшінші орында Қазақстан (206) орынға жайғасқан.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Еуропа біріншілігінің ең дөрекі ұжымы атанды. Біздің жігіттер 41 рет ойын ережесін бұзып, жеті сары қағаз және бір қызыл қағаз алған. Словенияда өткен біріншілікте басқа бірде-бір құрама қызыл қағаз алмады.
Еске салайық, 2018 жылғы Еуропа біріншілігі Любляна қаласында 30-қаңтар мен 10-ақпан аралығында өтті. Алтын жүлдені Португалия құрамасы алса, екінші орында Испания құрамасы. Үздік үштікті Ресей құрамасы түйіндеді. Қазақстан құрамасы болса төртінші орынға жайғасты. Турнирдің үздік шабуылшысы Рикардиньо атанса, үздік ассистен Дуглас Жуниор болды.