Қазақстан құрамасы халықаралық математикалық олимпиададан алты медаль еншіледі

370

Әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың біріне 117 елден 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты.  

Қазақстан құрамасы халықаралық математикалық олимпиададан алты медаль еншіледі Фото: gov.kz

2026 жылдың 13–21 шілде аралығында Қытайдың Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (IMO) өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Білім додасының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Күміс медаль иегерлері:

Тимур Мұрат – Алматыдағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

Әли Еркебұланұлы – Алматы қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Батырхан Бейганов – Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

Ерасыл Алтынбек – Алматы қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

Марғұлан Шарел – Астанадағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;

Амирлан Аманжолов – Алматыдағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.

Ұлттық құраманы Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті Асылбек Исахов пен халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері Қанат Сатылханов дайындады.

Айта кетейік, Халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан бұл беделді білім додасына 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.

Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, 16 алтын, 54 күміс, 86 қола медаль және 30 Құрмет грамотасын жеңіп алған. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейі мен еліміздің халықаралық олимпиадалардағы тұрақты жетістігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу