Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде президент кубогына ие болды

798

Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде президент кубогына ие болды

Бүгін Ақтөбе қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының президенті кубогына арналған ерлер арасындағы халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Qsport.kz.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған президент кубогына 9 мемлекеттен 10 команда қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Моңғолия, Ресей, Украина, Оңтүстік Корея, Белоруссия және Ақтөбе облысының құрама командасы өзара мықтыны анықтады.

Жарыс нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасы президенті кубогына Қазақстан құрамасының спортшылары ие болды. Қазақстан құрамасынан, бүгін ел намысын  Ғұмар Қырғызбаев (66 кг), Елдос Жұмаханов (66 кг), Жансай Смағұлов (73 кг), Қажымұқан Өтеулиев (81 кг), Сұңғат Закарияев (90 кг), Ислам Бозбаев (90 кг), Ержан Шынкеев (+100 кг) абыроймен қорғады.  Олар финалдық кездесуде Оңтүстік Корея спортшыларын 4:1 есебімен жеңіп, турнирдің алғашқы жеңімпазы атанды. Қола медаль үшін күресте Грузия мен Белоруссия құрама командасының спортшылары арасындағы татами тартысында Грузиялық дзюдошылар басым түсіп, турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізді.

2017 жылы ұйымдастырылған дзюдодан Қазақстан Республикасының президенті кубогына арналған халықаралық турнирде жеңімпаз бен жүлдегерлерге қаржылай сыйақылар табысталды: 1 орын алған Қазақстан құрамасының жүлдесі - 4 000 000 теңге, 2 орыннан көрінген Оңтүстік Кореяға 2 700 000 теңге берілсе, 3 орынға ие болған Грузияға 1 700 000 теңге табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу