Иранда өтіп жатқан халықаралық футзал турнирінде ел құрамасы алғашқы ұпайына ие болды, деп хабарлайды prosports.kz.
Қазақстан, Ресей, Иран және Әзербайжан құрамалары "Төрт ұлт" турнирінде бақ сынап жатыр. Какау шәкірттері бірінші ойында Ресей командасымен кездесіп, 3:3 есебімен тең ойнады. Бірінші голды команда капитаны Шыңғыс Есенаманов соқты. Артынша ресейліктер сапынан Дмитрий Лысков пен Артем Ниязов көзге түскен. Есенаманов таразы басын теңестірді. Кездесу аяқталар тұста қос команда тағы бір-бір голдан соғып, тең тарқасты.
Бүгін Қазақстан құрамасы алаң иелерімен кездеседі. Матч Астана уақытымен 20:30-да басталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу