Қазақстан құрамасы Кипрден ұтылды

520

Қазақстан құрамасы Кипрден ұтылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен ұтылды, деп хабарлайды vesti.kz. Ойын Кипрдің Ларнака қаласында өтті.

Ойынның бірінші таймында Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алда тұрған. 29 минутта Ғафуржан Сүйімбаевтан пас алған Таңат Нөсербаев ойындағы есепті ашты. Оның өкшесімен тепкен добын Кипр қақпашысы қайтара алмады.

Алайда екінші таймда Қазақстанның қорғанысы көп қателікке бой алдырды. 56 минутта Несторас Митидис таразы басын теңестірсе, араға 6 минут салып, Фанос Кателарис алаң иелерін алға шығарды. Ал 66 минутта Димитрис Христофи қақпамызға үшінші голды соқты. Ойынның соңына дейін бұл есеп өзгермеді.

Айта кетейік, ресейлік жаттықтырушы Александр Бородюктің басшылығымен Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын өткізіп отыр. Келесі ойында жігіттер 26 наурызда 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі аясында Арменияға қарсы ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу