Бангкок қаласында жастар арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды prosports.kz.
Жерлестеріміздің еншісінде – екі алтын, екі күміс және төрт алдын медаль. 60 келі салмақ дәрежесінде Саматали Толтаев топ жарса, 64 келіде Санатали Толтаев өзбекстандық Билобек Мирзарахитовты жеңіп, Азия чемпионы атанды. Күміс жүлде Данил Семенов (91 келі) пен Нұрдәулет Ұланұлына (+91) бұйырды. Айбек Досанов (52 келі), Елдияр Қамшыбеков (81 келі), Бахтияр Смағұлов (56 келі) пен Аята Маржықпаев (75 келі) қола жүлдеге ие болды.
Ал бірінші орынға Өзбекстан құрамасы ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу