Қазақстан құрамасы регбиден Азия чемпионы болды

837

Қазақстан құрамасы регбиден Азия чемпионы болды

Алматыда регбиден 3-ші дивизионда өнер көрсететін ерлер командалар арасында Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды olympic.kz.

Жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы финалдық ойында Пәкістанды 48:0 есебімен ұтып, екінші дивизионға жолдама алды. Монғолия командасы қырғыздарды техникалық жеңіске жетіп, турнирдің қола жүлдегер атанды.

"Біз жоғары лигада ойнай алатынымызды дәлелдедік. Пәкістанмен осы уақытқа дейін кездеспеген болатынбыз, бірақ біз ойынға тыңғылықты дайындалып, қолайлы нәтижеге қол жеткізе алдық. Енді екінші дивизионда өнер көрсетеміз, соған дайындалатын боламыз", - деді құраманың ойыншысы және бапкері Дәулет Ақынбеков.

Бұл жылда өтетін регионалдық Азия чемпионатының үшінші дивизионы орталық Азия және тынық мұхит аймақтарында ұйымдастырылады. Азия чемпионаты Қазақстан аймағында бірінші рет өткізіліп, ойындар Қазақстан Республикасының бірінші президенті спорттық кешенінде өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу