Шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты бағдарламасының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қазақстан велоспорт федерациясына сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы топтық жарыста Глеб Брусенский жеңіске жетіп, алтын медаль алды.
Одан кейін мәреге қазақстандық спортшы Евгений Гидич келді. Үздік үштікті Юкия Араширо (Жапония) түйіндеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу