11 маусымнан 12 маусымға қараған түні Германияның Эссен қаласында соккадан 2023 жылғы әлем чемпионатының финалдық матчы өтті. Қазақстан мен Украинаның командалары кездесіп, отандық құрама жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz sports.kz порталына сілтеме жасап.
Бірінші голды оныншы минутта қазақстандық спортшы Абай Елемесов соқты. Ал, он төртінші минутта Алтынбек Мырзабеков екінші гол салды. Содан кейін Украина командасы да есепті теңестіріп, ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.
Матчтан кейінгі уақыт біздің құраманың пайдасына аяқталып, ойынның қорытынды есебі 4:3 құрады. Қазақстан командасы өз тарихында бірінші рет соккадан әлем чемпионы атанды.
2022 жылы ұлттық команда финалдық матчта Бразилияға есе жібеген (0:3) болатын.
Сокка – шағын футбол түрі. Мұнда әр командада 6 ойыншыдан қатысады. Матч жиырма минуттан 2 тайм өтеді.