Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдында жолдастық матч өткізеді

417

Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу 21 наурызда Афинада өтеді.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдында жолдастық матч өткізеді Фото: Ақорда

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы наурыз айында УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі алдында жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

 

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев Qazsport телеарнасына берген сұхбатында айтты.

"Біз қазір жоспарды ұсындық. Барлық клубтар ұлттық құрама үшін барын салады деп сенемін. Біз ақпан айында жолдастық ойын өткізіп, Түркияда ұлттық құраманы жинап, жігіттермен кем дегенде бір апта жұмыс жасағымыз келеді", - деді Әдиев.

Еске сала кетейік, Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу 21 наурызда Афинада өтеді. Оның жеңімпазы Еуро-2024 жолдамасы үшін Грузия – Люксембург жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу