Қазақстан құрамасы Универсиада ойындарын жеті медальмен аяқтады

651

Жалпы есепте Қазақстан 25-орында.   

Қазақстан құрамасы Универсиада ойындарын жеті медальмен аяқтады

Бүгін Италияның Неаполь қаласында жазғы спорт түрлерінен Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан құрамасы әлемдік жарысты жеті медальмен аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Универсиаданың соңғы жарыс күнінде су добынан ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Италия мен АҚШ командасы алтынға таласса, Ресей мен Венгрия қола жүлдегер атануға тырысады.

Қазақстан атынан Универсиадада 94 спортшы бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша біздің команда жеті медаль жеңіп алды. Жалғыз алтын жүлдені дзюдодан абсолютті салмақта сынға түскен Ғалымжан Қырықбай иеленді.  Бес спортшымыз жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді.

Гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет Михаил Литвин, таеквондошы Смайыл Дүйсебай және стенд атушы Зоя Кравченколардың еншісінде күміс жүлде бар.  Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан қола жүлдегер атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу