Қазақстан құрамасы велоспорттан әлем чемпионатына қатысуда

683

Бельгияда шосседегі велоспорттан әлем чемпионаты өтіп жатыр.  

Қазақстан құрамасы велоспорттан әлем чемпионатына қатысуда

Olympic.kz қазақстандық спортшылардың аталған әлем біріншілігіндегі нәтижесін ұсынады, деп жазады inbusiness.kz

Велошабандоздар жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында жекелей сын бойынша өзара мықтыны анықтады. Спортшылар жарыс барысында 43,3 км қашықтықты бағындырып, өзара мықтыны анықтады, Нәтижесінде италиялық Филиппо Ганна топ жарса, Ваут ван Арт (Бельгия) екінші, ал Ремко Эвенепул (Бельгия) үшінші болды. 

Қазақстан сапынан бұл санат бойынша Дмитрий Груздев пен Даниил Фоминых қатысып, 31-ші және 36-шы орындардан көрінді.

Айта кетерлігі, топтық жарысқа Фоминых, Груздев, Евгений Гидич және Юрий Натаров қатысады деп жоспарлануда.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу