Қазақстан құрамасы жалғыз жолдамаға таласуға дайын

628

2020 жылғы Әлем біріншілігінің іріктеу ойындары Чехияның Брно қаласында өтеді. 

Қазақстан құрамасы жалғыз жолдамаға таласуға дайын

Бразилиялық жаттықтырушы Рикардо Какадан тәлім алатын ұлттық құрама әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіне дайындалып жатыр.

2020 жылғы Әлем біріншілігінің іріктеу ойындары Чехияның Брно қаласында өтеді. Жалғыз жолдаманы алаң иелерінен бөлек, Қазақстан, Румыния және Словения сарапқа салады. Оқу-жаттығу жиындарын елордада өткізген жерлестеріміз, алдағы жарыс жайлы өз ойларымен бөлісті.

Бас бапкер Рикардо Каканың айтуынша, команда сапындағы ойыншылардың бәрі дайын. Жаттығу жұмыстары да жақсы өтіп жатыр.

"Қазақстан Еуропалық рейтингте 4-ші, ал әлемде жетінші сатыда тұр. Сондықтан мұндай жарыстарда тек бірінші орын туралы ойлау керек. Біз қарсыластарымызды құрметтейміз. Олар мықты командалар. Бірақ біз жеңіс үшін барамыз. Алғашқы ойын Румыниямен өтеді. Олармен бұрын кездестік, ол құраманы жақсы білеміз. Словения да ірі жарыстарға жиі қатысып жүрген тәжірибелі команда екенін атап өту керек. Чехия өз жерінде жанкүйерлердің қолдауына сүйеніп, жеңіске жетуге тырысады", – деді бас бапкер.

Чехияға аттанатын 14 футболшы да белгілі. Қазақстан элиталық іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін 2 ақпанда Румыниямен өткізеді. Матч елорда уақытымен түнгі екіде басталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу