Іріктеу кезеңінің кестесіне тоқталайық, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Даниядан сырт алаңда жеңіліс тапқан (1:3) Қазақстан құрамасының қоржынында 12 ұпай бар. Словениядан (0:3) ұтылғаннан кейін 12 ұпайын сақтап қалған финдердің де жағдайы дәл осындай. Бірақ H тобында даниялықтар мен словениялық 16 ұпай жинап, көшбасшылықтарын нығайтып отыр. Аутсайдерлер Солтүстік Ирландия (6 ұпай) мен Сан-Марино (0 ұпай). Еуроға топтан ең үздік екі команда ғана жолдама алады.
Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңінің аяқталуына үш ойыны қалды. 17 қазанда ұлттық құрама сырт алаңда Финляндиямен ойнайды. Ал бір айдан кейін іріктеу Сан-Мариномен өз алаңындағы ойынмен және Словенияға сапармен (сырт алаңда) аяқталады.
Топтан іріктеу үшін таласатын қанша команда аутсайдерлермен матч өткізетінінен бастайық. Сан-Марино барлық жеті турда бірде-бір гол соққан жоқ. Себебі басқаларына қарағанда әлсіз екені айдан анық. Солтүстік Ирландия әлдеқайда салмақты қарсылас. Бұл команда Сан-Мариномен өткен кездесулерде ұпай жинап, қалған кездесулерде жеңіліс тапты.
Ал даниялықтардың соңғы ойындар күнтізбесі тамаша деуге болады. Олар сырт алаңда екі аутсайдермен ойнайды. Сондықтан кем дегенде 22 ұпай жинауы тиіс.
Ал Хельсинкидегі ойында Әдиевтің командасы жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Егер Қазақстан құрамасы іріктеу турнирі арқылы Еуро-2024 додасына өте алмаса, көктемде Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы жолдама алу мүмкіндігі бар.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің жетінші ойынын сырт алаңда Дания құрамасымен өткізді. Матч 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Алғашқы таймда Дания құрамасы аса қатты басымдыққ ие болмады, алайда үзіліске дейін екі гол соқты. Ең алдымен Джонас Винд есеп ашса, әрі қарай Роберт Сков есепті еселей түсті. Екінші таймның басында тағы да Роберт Сков көзге түсіп, есепті ұлғайта түсті. Көп ұзамай Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқартты. Гол авторы – Ян Вороговский. Әрі қарай біздің жігіттердің гол соғатын мүмкіндіктері болғанымен, ойын есебі өзгермеді – 3:1.