Қазақстан құрамасының формасы Бейжің олимпиадасындағы ең стильді формалар қатарына енді

1293

Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанмен қатар, АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия олимпиадашыларының образын да ерекше атап өткен. 

Қазақстан құрамасының формасы Бейжің олимпиадасындағы ең стильді формалар қатарына енді

Халықаралық Олимпиадалық комитет 2022 жылғы Бейжің ойындарындағы ұлттық құрамалардың ең стильді формаларын назарға ұсынды. Олардың қатарында қазақстандық атлеттердің эпикировкасы да бар, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан сән бойынша сынақ тапсырды". ХОК ұсынған тақырып осындай.

"Ақ және көк түстер мұз бен қарды белгілесе, қара түс сәттілік түсі саналады", - деп атап өткен  Халықаралық Олимпиада комитеті. 

Сондай-ақ, ХОК Forbes журналының пікірін де еске салды. Америкалық басылым Қазақстанның олимпиадалық формасын ең стильді эпикировкалар қатарына енгізген болатын. 

Былтырғы жазғы ойындарда да Forbes Қазақстан командасының формасын үздіктер қатарына қосты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу