Дзюдодан Астана қаласында кадеттер арасында "Boxing development Centre" спорттық базасында оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының жас дзюдошылары 9-13 тамыз аралығында Чилидің Сантьяго қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындық жасау үстінде, деп хабарлайды sportportal.kz.
Оқу-жаттығу жиындары 4-тамызға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта осы жаттығу жиынына Қазақстанның әр облысынан 45 спортшы қатысып жатыр. Оқу-жаттығу жиынынан кейін Қазақстан құрамасының кадеттері әлемнің 68 мемлекетінен мықты дзюдошылар бақ сынайтын чемпионатқа аттанады. Қазақстан құрамасының намысын 17 жас дзюдошы қорғайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу