Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы әлем чемпионатына жолдама алды

836

Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы әлем чемпионатына жолдама алды

Ташкенттегі Азия-2017 чемпионатына қатысқан Қазақстан құрамасының он боксшысының тоғызы әлем чемпионатына лицензия алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Олар Азамат Исақұлов (52 келіге дейін салмақ дәрежесінде), Қайрат Ералиев (56 келі), Әділет Құрметов (60 келі), Бекдәулет Ибрагимов (64 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Ерік Әлжанов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі). Азия чемпионатының іріктеуінен өтпей қалған жалғыз боксшы - Ержан Жомарт (49 келі): ол жартылай финалда индонезиялық  Корнелиуса Кванга Лангадан ұтылып қалды. Әлем чемпионаты-2017 25 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Гамбургте (Германия) өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу