2024 жылдың бірінші тоқсанында Башқұртстаннан шетелге сүт өнімдерін жеткізу екі есе өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Башқұртсан қымызының негізгі сатып алушысы – Қазақстан. Қаңтар-наурыз айларында башқұрт өндірушілері Қазақстанға 2,5 мың тоннаға жуық қымыз өнімі мен құрғақ сүт жөнелтті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе көп, яғни 1,3 мың тонна.
"Сүт өнімдерінің барлық 464 партиясы Қазақстанға жіберілмес бұрын Россельхознадзор департаментінің мамандарымен тексеріліп, өңделген. Башқұртстанның сүт өнімдері Еуразиялық экономикалық кеңес стандарттарына сәйкес келеді", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу