/img/tv1.svg
RU KZ
Hang Seng 23 182,08 KASE 2 209,51
FTSE 100 5 415,50 РТС 1 049,88
DOW J 21 056,82 Бидай 551,40
Қазақстан қырғыз өнімдеріне қатысты тиісті жауап шараларына дайын

Қазақстан қырғыз өнімдеріне қатысты тиісті жауап шараларына дайын

Қазақстанның ДСҰ және ЕАЭО алаңдарындағы үндеулерін биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында қарау жоспарланып отыр.  

29 Ақпан 2020 11:33 145

Қазақстан қырғыз өнімдеріне қатысты тиісті жауап шараларына дайын

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО алаңында қырғыз тарапының ЕАЭО мүше-мемлекеттерінен тауарларға қатысты бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдану мәселесін қайта қарау туралы жолдаған өтінішін ДСҰ хатшылығына да жіберді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

«Қазақстандық тауарларға, сондай-ақ ЕАЭО-ның басқа елдерінің тауарларына бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдануы арқылы қырғыз билігі негізінде қосымша төлемдерді енгізуде. Осылайша, егер қазақстандық өндіруші Бішкекке келісінің орташа бағасы 17 сомнан ұн әкелсе, бұл ретте қырғыздың салық қызметтері 22 сом/кг мөлшеріндегі бақылау бағасының ең төменгі деңгейін есепке ала отырып ҚҚС алады. Басқа тауарлар бойынша да дәл сол жағдай, мысалы, көктемгі-жазғы кезеңде жұмыртқаның бағасы 2 сомды құрайды, бұл ретте бағаның ең төменгі деңгейі – 4,9 сом болып есептелінеді. Ең төменгі бағаны анықтау тәртібі айқын емес, қырғыз үкіметінің қаулысымен белгіленген ең төменгі бағалар негізделмеген», – деп ҚР Сауда және интеграция министрлігі түсіндіреді.

Министрліктің мәліметінше, негізінен бақылау бағаларының ең төменгі деңгейі тамақ тауарларына, оның ішінде ұн, қант, күріш, оның ішінде ұсақталған жұмыртқа, сыра, сондай-ақ цементке, көмірге қолданылады. Барлық көрсетілген тауарлар дәстүрлі түрде Қырғызстанға қазақстандық экспорттың негізін құрайды. Бақылау бағаларының ең төменгі деңгейін қолдану салдарынан ҚҚС-тың ұлғайтылған сомасын төлеу Қырғызстан нарығындағы қазақстандық тауарлардың бағалық бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етеді.

«Бұл механизм қырғыз тауарларына да, үшінші елдерден әкелінетін тауарларға да қолданбауы себебінен атап айтқанда «ұлттық режім» және «неғұрлым қолайлы режім» халықаралық сауданың негізін қалаушы қағидаттары бойынша ЕАЭО және ДСҰ құқығының тікелей бұзылуы болып табылады. Сондай-ақ Бішкек қолданатын бұл нормалар ДСҰ-ның кедендік құн туралы келісімінің ережелеріне сәйкес келмейді», – делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, Қырғызстан өзінің халықаралық міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қазақстан қырғыз тауарларына қатысты құқықты пайдаланып барабар шараларды қолдануға ниетті.

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Қазақстан ДСҰ-ға жауап берді

Шекаралық және экспорттық бақылау Еуразиялық экономикалық одақ шартымен реттелмейді.  

17 Ақпан 2020 22:31 224

Қазақстан ДСҰ-ға жауап берді

Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына Қырғызстан шағымы бойынша осындай жауап қайтарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Айтуларынша, шекарадағы қосымша бақылау жұмыстары тек Қырғызстанннан келетін көліктерге жүргізілмейді. Елімізбен шегаралас өзге мемлекеттерден тасымалданатын жүктер де жіті қадағаланады.  

Биылдан бастап Астана экономикалық форумы жеке өткізілмейді

Министрлік осылайша қаржы үнемдемек.

05 Ақпан 2020 12:26 250

Биылдан бастап Астана экономикалық форумы жеке өткізілмейді

Фото: inform.kz

Қазақстан биыл Астана экономикалық форумын (АЭФ) жеке өткізбейді. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

«Біз АЭФ-ті ДСҰ министрлікаралық форумы аясында өткізуді ұйғардық. Осылайша қаржы үнемдейміз. АЭФ жеке өткізілмейді, ол министрлікаралық кездесулер алаңында өтеді»,– деді Смайылов журналистерге.

Айта кетсек, аталмыш шара Қазақстанда 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Жаңалықтарға жазылу: