Қазақстан Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек жөнелтті

406

Дизель отынының алғашқы партиясы 17 вагон-цистернамен жөнелтілді.    

Қазақстан Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек жөнелтті Фото: rail-news.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қырғыз Республикасына Бішкек ЖЭО-дағы апатын жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен дизель отыны түріндегі 2000 тонна гуманитарлық жүк бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 ақпанда "Резерв" РМК "Заря" филиалынан 1000 тонна дизель отынының бірінші партиясы 17 вагон-цистернамен жөнелтілді.

Гуманитарлық жүк Қырғыз Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдеріне берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу