Қазақстан-Қырғыз шекарасында темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды

279

Алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды.

Қазақстан-Қырғыз шекарасында темекі өнімдерінің ірі партиясы анықталды Фото: ҰҚК Шекара қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2024 жылғы 23 наурызда "Айша бибі" автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады.

Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.

Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу