Қазақстан-қырғыз шекарасында темекіні заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды

281

Темекінің заңсыз партиясы ағымдағы жылдың 1 тамызында "Қарасу" автомобиль өткізу пунктінде ұсталды.  

Қазақстан-қырғыз шекарасында темекіні заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды Фото: Акчабар

Мемлекеттік кірістер органдары мен Шекара қызметінің бірлескен шараларымен Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігінде хабарланбаған 65 мың қорап "Oris" темекілер анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл ретте, темекі бұйымдарында акцизделетін өнім үшін көзделген сәйкестендіру құралдары жоқ болды.

Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін, барлық материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданатын болады.

Тауарға ілеспе құжаттардың мәліметтері бойынша автокөлік Қырғызстаннан Қазақстанға келіп, темір бұрыштарды тасымалдағанын атап өткен жөн.

Тексеру барысында автокөлікте 15 тоннадан астам халық тұтынатын тауарлар – киім, зергерлік бұйымдар, косметика және т.б. – тасымалданатыны анықталды.

Осыған байланысты, салық төлеуден жалтару мақсатында салық сыйымды тауарларды әкелуді әдейі жасыру тәуекелдері бар.

Бұл факт бойынша мемлекеттік кіріс органдары салық заңнамасында көзделген шараларды қабылдайтын болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті Шекара қызметімен қазақстан-қырғыз шекарасында тауарларды заңсыз өткізудің жолын кесу жөніндегі бірлескен шаралар жалғастырылатынын хабарлайд

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу