Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан бірлесіп ГЭС салады

234

Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан бірлесіп Камбаратинск ГЭС-1 салады. Нысанның құрылысына кететін қаржы шамамен 4,5 миллиард долларды құрайды. 

Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан бірлесіп ГЭС салады Фото: daryo.uz

Тиісті келісімге Венадағы халықаралық энергетикалық форум аясында үш елдің энергетика министрліктерінің өкілдері қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қырғыз үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Форум аясында Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан энергетика министрліктері арасында Камбаратин ГЭС-1 құрылысы мен пайдалану жобасын іске асыруға дайындық туралы үшжақты келісімге қол қойылды", - делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ, Камбаратин ГЭС-1 құрылысы бойынша донорлық комитет құрылды. Комитет құрамына бірқатар қаржы институттары, соның ішінде Дүниежүзілік банк, ОПЕК Қоры, Азия даму банкі, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі, Ислам даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі және басқалары кірді.

Тараптар сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда, энергетика саласындағы одан әрі ынтымақтастық пен Камбаратин ГЭС-1 су-энергетикалық ресурстарын пайдаланудың өзара қолайлы жолдарын құру туралы уағдаласты.

Баспасөз қызметі Қырғызстанның ГЭС құрылысына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын, оның іске қосылуы елдегі электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Жоспар бойынша қуаттылығы 1 860 МВт болатын Нарын өзеніндегі гидроэлектростанция Орталық Азиядағы ең ірі станциялардың біріне айналады және республикаға электр энергиясын экспорттаушы болуға мүмкіндік береді.

Алдын ала есептеулер бойынша нысанның құрылысына кететін қаржы шамамен 4,5 миллиард долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу