ІІМ қылмыстық топқа қатысы бар күдіктінің Бішкек қаласында қолға түскенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тінту кезінде күдіктінің жалға алған пәтерінен мынадай заттар тәркіленген:
- 32 слотты сим-бокс;
- үшінші тұлғалар атына рәсімделген 70-тен астам SIM-карта;
- IP-адрестерді жасыруға арналған техникалық құралдар;
- бірнеше компьютер мен ұялы телефон.
Күдікті өз қызметі үшін аптасына 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып отырған.
Ол аталған құрылғылардың көмегімен банктер, мемлекеттік органдар және маркетплейстер атынан қоңырау шалып, жалған хабарламалар жіберіп отырған. Осылайша, азаматтардың жеке деректері мен қаржысын ұрлаумен айналысқан.
Жалпы, Қазақстанның киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті тек 2025 жылдың басынан бері 77 сим-бокс пен 90 мыңға жуық SIM-карта тәркіледі.