Қазақстан, Қырғызстан, Ресей өз азаматтарының жеке деректерімен алмасады

901

Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей азаматтарының соттылығы, үй-күйі туралы ақпаратты бір-біріне беретін болды. 

Қазақстан, Қырғызстан, Ресей өз азаматтарының жеке деректерімен алмасады Фото: azattyq-ruhy.kz

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, тиісті заңға қол қойғаннан кейін осындай мүмкіндікке жол ашылды. 3 ел арасындағы бұл келісім аясында, азаматтық, тіркелген жылжымайтын мүліктің бар-жоғы, соттылықтың болу-болмауы сияқты ақпараттар алмасу көзделіп отыр. 

Құжат тараптардың бәрі қол қойған соң, 30 күннен кейін күшіне енуі тиіс. Бұл құжатты Қазақстан мен Ресей тарапы ертерек заңдастырып қойған. Тек Қырғызстан билігі ішкі заңнамаларын реттеймін деп жүріп, ең соңынан қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу