Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбарата гидроэлектр стансасын бірлесіп салу жөнінде уағдаласты

868

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетикалық ведомстволарының басшылары Қамбарата ГЭС-1-ді бірлесіп салу жөнінде уағдаласты, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбарата гидроэлектр стансасын бірлесіп салу жөнінде уағдаласты Фото: gov.kz

6 қаңтарда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев және Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойды.

Жол картасы шеңберінде тараптар жобаны іске асырудың негізгі шарттарын уағдаласты және электр станциясын уақтылы пайдалануға беру үшін алдағы қадамдарды белгіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу