Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан өкілдері Орталық Азияда Модельдік шоссе салу мүмкіндігін талқылады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ-ға сілтеме жасаған strategy2050.kz.
Тараптар Жібек жолы бағытында жол инфрақұрылымын құруға қатысқан қатысушы елдер қабылдаған шараларды талқылады.
Жұмыс тобы талқылаудың қорытындысы бойынша Қорғас-Қызылорда "модельдік шоссесінің" кеңеюін қолдады.
"Үрдіске қатысушылардың жаһандық бәсекелестігін арттыру мақсатында қосымша жол инфрақұрылымын құру маңызды, институционалдық реформаларды жүргізу халықаралық автомобильдік тасымалдауды жеңілдетеді", – деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Адуов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу